
🔹 Мәртөкте Республика күніне орай Мемлекеттік Туды көтеру рәсімі өтті
Бүгін Республика күніне арналған мерекелік іс-шара «Анаға тағзым» саябағында өтті. Салтанатты рәсімге Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов, төтенше жағдайлар және медицина қызметкерлері, қоғам белсенділері мен аудан тұрғындары қатысты.
Іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталып, одан кейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көкке көтерілді. Бұл сәт — еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, бейбіт өмір мен рухының айқын көрінісі болды.
Көк туымыздың асқақ желбіреуі — әрбір қазақстандықтың жүрегіндегі елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың символы.
🇰🇿Республика күні — Мәңгілік Елдің жарқын болашағына сенім күні!