🔹️Қаратоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

🔹️Қаратоғай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Бүгін Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Қаратоғай ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, соңғы жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Кездесуге аудандық соттың төрағасы Саламат Ноғаев қатысып, сот медиациясының маңыздылығы мен дауларды бейбіт жолмен шешудің артықшылықтары туралы айтты. Ал аудандық полиция бөлімінің басшысы м.а. Жасұлан Жалғасбаев интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларына тоқталып, тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратты.

Қаратоғай ауылында соңғы уақытта инфрақұрылымды дамыту бағытында елеулі жұмыстар жүзеге асуда.

🌿 “ПГС-Қаратоғай” ЖШС-нің демеушілігімен Жасыл, Нұрлы және Жеңіс көшелерінде ұзындығы 1,2 км жолға қиыршық тас төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді.

🚧 Сонымен қатар, Мәртөк – Родниковка бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың Қаратоғай ауылы тұсында су өткізу құрылысы салынып, асфальт жабындысы төселді. Жобаның жалпы құны – 45,5 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын “Даму мастер” ЖШС толық аяқтады.

💧 Ауылдың шығыс бөлігінде ұзындығы 2,5 км көктемгі еріген сулардың арнасын кеңейту жұмыстары жүргізіліп, су тасқынының алдын алу шаралары атқарылды.

🌱 “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ауыл маңындағы тұрмыстық қалдықтар полигоны тазартылып, 3 гектар аумақтан 2,5 тонна қалдық шығарылды.