📅 Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тлеуов Аққұдық ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Первомай, Достық, Жаңажол, Вознесеновка және Қарабұлақ ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
🗣 Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, соңғы жылдары атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар егжей-тегжейлі талқыланды.
🤝 Жиынға аудандық соттың төрағасы Саламат Ноғаев қатысып, тұрғындарға сот медиациясының артықшылықтары мен дауларды бейбіт жолмен шешудің тиімділігін түсіндірді. Сондай-ақ, аудандық полиция бөлімінің басшысы м.а. Жасұлан Жалғасбаев интернет-алаяқтықтың алдын алу жөнінде айтып, тұрғындарға арнайы жадынамалар таратты.
🚜 Соңғы уақытта округ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды:
• Первомайка және Жаңажол ауылдарындағы қоқыс полигондары тазартылып, қалпына келтірілді;
• Барлық елді мекендерде ауылішілік жолдар тегістелді (профилировка);
• Достық ауылында 60 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде;
• Жаңажол мен Қарабұлақ ауылдарына «Jusan Mobile» интернет желісі тартылды.
Кездесу барысында тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін айтып, көтерілген мәселелер бойынша нақты түсініктемелер алды.