🔹 Хазірет және Родников ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

🔹 Хазірет және Родников ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті
Бүгін Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Хазірет және Родников ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Ашық форматтағы жиында округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды.
🔹 Қауіпсіздік мәселесі басты назарда Кездесуге аудан прокуроры Сәнібек Тлеулесов пен аудандық полиция бөлімінің басшысы м.а. Жасұлан Жалғасбаев қатысып, интернет-алаяқтықтың алдын алу жолдарын түсіндірді. Тұрғындарға сақтық шаралары жазылған арнайы жадынамалар таратылды.
✅ Хазірет ауылында атқарылған жұмыстар: • Ауылға газ құбыры тартылып, көгілдір отын қосылды; • «Таза Қазақстан» акциясы аясында 350 метрлік орман белдеуі отырғызылды (600 қарағаш, 200 терек); • «Ali Group ST» қолдауымен мал суару үшін бөгет қалпына келтірілді; • Шілде айында орта мектептің қасбеті металл сайдингпен қапталды («REALLS» мердігері); • Физика кабинеті заманауи құралдармен жабдықталды.
✅ Родниковка ауылындағы жұмыстар: • Гоголь, Гагарин, Абай, Достық көшелеріндегі жолдардың проблемалық учаскелері қиыршық таспен тегістелді (ИП «Сапахов»); • «Таза Қазақстан» акциясында жеңіп алынған 15 млн теңге есебінен Қонаев көшесінде балалар ойын алаңы салынады.
📅 Жыл соңына дейін аудан әкімінің тұрғындармен 32 кездесуі жоспарланған.
👉 Келесі кездесу 19 қыркүйекте Шевченко, Бөрте және Қызылжар ауылдарында өтеді.