БЖЗҚ: қызметтердің 98%-ы цифрлық форматта

БЖЗҚ: қызметтердің 98%-ы цифрлық форматта

01.01.2025 ж. - 31.07.2025 ж. аралығында БЖЗҚ салымшыларға шамамен 27,9 млн қызмет көрсетті. Оның ішінде:
✅ 15,6 млн - электрондық форматта
✅ 11,4 млн - автоматты түрде
✅ 565,8 мың - қызмет жүзбе-жүз
🔹 Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі – 98%.

Ең танымал қызмет - ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ бойынша үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері 17,2 млн үзінді көшірме берілді, оның ішінде 14,3 млн - электронды түрде.

Қызметтерді алу үшін салымшылар:
•Қордың сайты мен мобильді қосымшасын,
•egov.kz порталы мен мобильді қосымшасын пайдалана алады.
💡 Қағаз түріндегі жыл сайынғы үзінді көшірмелер 2025 жылдан бастап пошта арқылы жіберілмейді, бірақ сұраныс жасаған жағдайда Қордан пошта арқылы алуға болады.
Сондай-ақ, Жеке кабинет арқылы:
* деректемелерге өзгерістер енгізу,
* анықтама алу,
* зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш беру,
* жарналардың мәртебесін қадағалау,
* ИПБ-ға жинақтардың бір бөлігін аудару,
* зейнетақы калькуляторын пайдалану мүмкіндігі бар.

📞 Кез келген компания жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша таныстырылымға өтінім бере алады. Ол үшін 1418 байланыс орталығына қоңырау шалу немесе сайт/қосымша арқылы хабарласу жеткілікті.