✅ В районе обсудили реализацию Послания Президента

✅ В районе обсудили реализацию Послания Президента

Аудан әкімінің төрағалығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау және іске асыру бойынша жиын өтті.

📌 Жиында көтерілген негізгі бағыттар: • Құрылыс саласын цифрландыру мақсатында «e-License» жүйесі енгізіліп, 2025 жылы аудан бойынша: • 206 сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді; • 190 эскиздік жобаларға келісім берілді; • 70 нысанды бұзуға рұқсат берілді. • Агроөнеркәсіп кешені: • «Ауыл Аманаты» жобасы аясында – 295 жобаға 1,5 млрд тг несие берілді; • Ірі жобаларды қолдау үшін – 7,5 млрд тг несие (2,5% мөлшерлемемен); • «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы – 1,2 млрд тг несие; • Жыл басынан бері шаруаларға – 1,3 млрд тг субсидия берілді.

🟢 Нәтижесінде ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты. • Білім саласы: • Сарыжар ауылында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп ашылды; • 2025 жылы аудан мектептеріне химия, физика, биология және STEM кабинеттері алынды; • Барлық 26 мектеп «Білім центр» платформасына қосылды; • Педагогтер жасанды интеллект бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. Сонымен бірге «Qazaq Digital Mektebi» жобасы ауыл оқушыларына жасанды интеллект негіздерін меңгеруге жол ашты.

🔹 Жолдау ел болашағының айқын бағытын айқындап, цифрлық трансформация мен жасанды интеллектті енгізудің тек экономикалық өсімге емес, сапалы білімге де жол ашатынын көрсетті.