«Ақтөбе облысы әкімі аппараты» ММ-нің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс арқылы қатысушыны іріктеу бойынша конкурстық комиссияның ұсынысымен және Мәртөк ауданы әкімінің 2025 жылғы 17 қыркүйектегі №606 өкімімен Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары болып Қонысбай Орынғали Сағитжанұлы тағайындалды.
Орынғали Сағитжанұлы - 1992 жылы 25 мамырда дүниеге келген. Білімі жоғары, «Есеп және аудит», «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2011 жылы Мәртөк ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасында техник-оператор қызметкері болып бастап, әр жылдарда «Мәртөк аудандық орман шаруашылығы» КММ, «Мәртөк ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман, «Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маманы, бас маманы, кейін бөлім басшысы болды. Мәртөк аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, Мәртөк ауылдық округі әкімінің орынбасары және Мәртөк ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.
2025 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Мәртөк аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.