🔹Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды

🔹Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы тағайындалды

«Мәртөк ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің конкурстық комиссиясының ұсынысымен және Мәртөк ауданы әкімінің 2025 жылғы 26 тамыздағы №556 өкімімен «Мәртөк аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшы болып Тәжібеков Арайбек Дидарұлы тағайындалды. Арайбек Дидарұлы 1992 жылғы 22 қазанда Ақтөбе облысында дүниеге келді.

Білімі жоғары, мамандығы «Құрылыс».

Еңбек жолын 2012 - 2018 жылдары «Жылжымайтын мүлік орталығы» қазынашылық шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Ақтөбе облыстық филиалының маманы болып бастады. 2018 -2024 жылдары Мұғалжар ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі болды. 2024 жылдың 9 шілдесінен бастап Мәртөк аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.