🔹Қарашай ауылдық округінің әкімі сайланды

🔹Қарашай ауылдық округінің әкімі сайланды

📌Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 шілдедегі №8 шешіміне сәйкес сайлаушылардың 85,92 пайыз дауысын жинап, Қарашай ауылдық округінің әкімі болып Жалғас Болатұлы Есбосынов сайланды.

Жалғас Болатұлы Есбосынов 1990 жылы 1 қаңтарда Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылында дүниеге келген.

Білімі - жоғары.
2021 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолы:
Еңбек жолын 2011 жылы ҚР ІІМ Ақтөбе облысы бойынша мамандандырылған күзет басқармасының полицейі қызметінен бастаған. Біраз жылдар Құрмансай ауылдық округінде, білім бөлімінде, аудан әкімінің аппаратында, салық басқармасында қызмет атқарды.

2025 жылдың ақпан айынан бастап бүгінгі күнге дейін Мәртөк ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Қарашай ауылдық округінің 573 сайлаушысының 430-ы (75 %) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.

#martok_audanynyn_akimdigi