🔹 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)» автожолының учаскесінде орын алған жағдай бойынша ресми ақпарат

🔹 «Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)» автожолының учаскесінде орын алған жағдай бойынша ресми ақпарат

«Жайсан» өткізу пунктінде жол-құрылыс жұмыстарына байланысты пайда болған ауыр жүк көліктерінің кептелісі туралы келесі ақпаратты хабарлаймыз.

«Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы (Орынборға)» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 92 шақырымды құрайды. 2025 жылғы 22 мамырдан бастап аталмыш жолдың 54-84 және 95-99 шақырым аралығындағы учаскелерінде (жалпы 34 шақырым) орташа жөндеу жұмыстары басталды. 2025 жылғы 3 маусымдағы жағдай бойынша 3,5 шақырымда төменгі қабат асфальтбетон жабыны төселді.

Атап өту керек, жөндеу жұмыстары басталғалы бері (13 күн бойы) жол-құрылыс жұмыстарына байланысты бұл учаскеде көлік кептелісі тіркелмеген. Бекітілген ордерге сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде және 96-98 шақырымдағы айналма жолда қозғалыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр. Қозғалысқа кедергі жоқ.

«Жайсан» өткізу пунктінің алдында 1 шақырым екі қабат жол салу жұмыстары ғана қалды. Бұл ретте көлік қозғалысы кептеліс тудырмайтындай түрде жүзеге асырылуда.

Осылайша, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары шекарада көліктердің жиналуына немесе кептелістің пайда болуына себеп емес.