1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Мәртөк ауылында жазғы маусымның ашылуына арналған тамаша Гала концерт өтті!
🎤 Шара барысында жергілікті өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Ерекше қуаныш — кішкентай бүлдіршіндер де сахнаға шығып, ән айтып, би билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
🎈Бұл кеш – балалар үшін ұмытылмас мереке, ата-аналар мен ауыл тұрғындары үшін шаттық пен рухани ләззатқа толы болды.