Жайсаң ауылдық округінің әкімі Ж.Т.Каржауов ТЖ бөлімі өкілдерінің, шаруа қожалықтарының, трактор иелерінің, сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен жиналыс өткізді. Кездесуде өзекті мәселелер талқыланды: шомылу маусымына дайындық, азаматтардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шомылу үшін жалғыз ресми орын Қазан ауылындағы су айдыны болып табылатындығы атап өтілді. Сондай-ақ қоқысты шығару, өрттің алдын алу, ұшқын сөндіргіштерді пайдалану және қауіпсіздік шараларын сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, егіс және шөп шабу жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше назар аударылды. Әкім аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және абаттандыру бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.