Президенттік жастар кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:
1) Қазақстан Республикасының азаматы;
2) жасы 35 жастан аспаған;
3) жоғары білімі болуы;
4)мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген;
5) 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
2) агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
3) сыртқы саясат және инвестициялар;
4) экономикалық және қаржылық саясат;
5) цифрландыру;
6) әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.
Қатысуға өтінімді 1-30 маусым аралығында pkrezerv.gov.kz сайтында беруге болады.
Қосымша ақпараттарды 8(71331) 21-6-55 байланыс телефоны арқылы алуға болады.
Мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, Отанға қызмет етуді өзіне парыз санайтын жастарды шақырамыз!