
🔥 ӨРТ ҚАУІПТІ КЕЗЕҢ БАСТАЛУДА!
Көктем мезгілінде қар еріп, құрғақ шөп пен тұрмыстық қалдықтар көбейеді. Осы кезеңде оларды жағу салдарынан өрт шығу қаупі артады.
❗ Осыған байланысты тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау ұсынылады:
• Қоқыс пен құрғақ шөпті мүмкіндігінше жақпау;
• Қажет болған жағдайда тек қауіпсіз жерде жағу;
• От жағу орны ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 метр қашықтықта болуы тиіс;
• Отты қараусыз қалдырмау;
• Желді ауа райында от жақпау;
• Жақын жерде су немесе құм болуы тиіс;
• Жану аяқталғаннан кейін от толық сөндірілуі тиіс.
🚫 Бақылаусыз от – өрттің негізгі себебі!
⚖️ ҚР ӘҚБтК 336-бабына сәйкес:
жеке тұлғаларға – 20 АЕК,
кәсіпкерлік субъектілеріне – 200 АЕК-тен бастап айыппұл қарастырылған.
☎️ Төтенше жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз
Мәртөк ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі