
📌 Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 9 ақпандағы №14 шешіміне сәйкес сайлаушылардың 71,6 пайыз дауысын жинап, Тәңірберген ауылдық округінің әкімі болып Әлім Оразбек сайланды.
Әлім Оразбек 1998 жылы 8 қыркүйекте Мұғалжар ауданында дүниеге келген.
Білімі - жоғары. «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2018 жылы «Мұғалжар ауданының Талдысай ауылдық округі əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы болып бастаған. «Мұғалжар аудандық кəсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас
маманы, «Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласы əкімінің
аппараты» мемлекеттік мекемесі экономика жəне бюджеттік
жоспарлау бөлімшесінің бас маманы жəне «Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қаласы əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
əлеуметтік қамсыздандыру жəне коммуналдық - шаруашылық бөлімшесінің бас маманы қызметін атқарды.
2026 жылдың 9 ақпанына дейін «Мəртөк ауданы əкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру жəне мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бас маманы қызметін атқарып келді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Тәңірберген ауылдық округінің 1049 сайлаушысының 654-і (62%) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.