
ЖМЗЖ туралы нені білу маңызды
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ) ерекшеліктері:
• ЖМЗЖ қаражаты қызметкердің жеке меншігі болып саналмайды;
• қаражат шартты зейнетақы шоттарына есепке алынады;
• ЖМЗЖ есебінен қалыптасқан жинақтар мұраға қалдырылмайды;
• зейнетақы төлемдері өмір бойына жүзеге асырылады.
❗ Зейнетақы алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға көшкен немесе азаматтығын өзгерткен жағдайда, ЖМЗЖ есебінен төленетін төлемдер тоқтатылады.