
🌳Ауылымыздың экологиясын жақсарту мақсатында басталған «Жасыл белдеу» жобасы аясында кезекті көгалдандыру жұмыстары жалғасуда.
* Бүгін тағы 400 түп жас көшет отырғызылды.
* Жалпы егілген ағаш саны 700 түпке жетті.
Игі шараға ауылдық округ әкімдігі аппаратының жұмысшылары әр талдың сапалы отырғызылуын және алдағы уақытта жүйелі түрде суарылуын басты назарда ұстайды.
🌱 Мақсатымыз — ауылымызды жасыл желекке бөлеп, таза табиғатты келер ұрпаққа аманаттау.
#АуылТынысы #ЖасылБелдеу