
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының 2026 жылғы 3 ақпандағы бұйрығына сәйкес Жайлыбаев Жамбыл Ертаевич «Мәртөк аудандық ауруханасы» МКК басшысы болып тағайындалды.
Жайлыбаев Жамбыл Ертаевичтің еңбек жолы мен кәсіби тәжірибесі мол.
📌 Білімі:
1998–2004 жылдары М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Емдеу ісі» мамандығы бойынша білім алды.
2004–2005 жылдары аталған академия базасында «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша интернатурадан өтті.
📌 Еңбек жолы:
2006–2015 жылдары Әйтеке би аудандық орталық ауруханасында дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, кейін жансақтау бөлімінің, интервенциялық бөлімшенің дәрігері, жедел медициналық көмек ауруханасында ангиохирург болып қызмет атқарды.
2015–2017 жылдары Ақтөбе облыстық ауруханасының кардиология бөлімінде кардиореаниматолог дәрігер болды.
2017–2021 жылдары Ақтөбе облыстық ауруханасында рентгенхирургиялық диагностика бөлімінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері, интервенциялық кардиология бөлімінің жансақтау палатасында қызмет атқарып, кейін рентгенхирургия бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды.
2021–2026 жылдары Әйтеке би аудандық ауруханасының басшысы қызметін атқарып, кардиолог дәрігер қызметін қоса атқарды.