«Мәртөк ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына ішкі конкурс арқылы қатысушыны іріктеу бойынша конкурстық комиссияның ұсынысымен және Мәртөк ауданы әкімінің 2026 жылғы 5 қаңтардағы №1 өкімімен «Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Курмангалиев Алмас Гарифуллаевич тағайындалды.
Алмас Гарифуллаевич - 1991 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Білімі жоғары «Қаржы» және «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2010 жылы «Восход-Хром» ЖШС, сорғы қондырғыларының машинисі болып бастаған. Әр жылдары түрлі мемлекеттік қызмет атқарып келеді:
2013-2021 жылдар аралығында «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында жетекші маманнан бастап бөлім басшысына дейінгі лауазымдарда жұмыс атқарған. 2021-2025 жыл аралығында «Актөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекмесі персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас инспекторы.
2025 жылдың 10 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін «Ақтөбе облысының денсаулык сақтау баскармасы» мемлекеттік мекемесінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.