🚒 Мәртөк ауданындағы «Ауыл құтқарушылары» жобасы

🚒 Мәртөк ауданындағы «Ауыл құтқарушылары» жобасы

✅🧯Мәртөк ауданында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінде аудан аумағында 5 өрт сөндіру бекеті тұрақты қызмет атқаруда. Атап айтқанда, олар Мәртөк, Жайсаң, Қызылжар, Аққайың және Родников ауылдарында орналасқан.

👨‍🚒Аталған өрт сөндіру бекеттерінде 24 білікті маман және 8 бірлік арнайы техника кезекшілік атқарып, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет ету жұмыстарын қамтамасыз етуде.

📌Сонымен қатар, алдағы даму жоспарына сәйкес, 2028 жылға дейін аудан бойынша қосымша 3 өрт сөндіру бекетін ашу көзделіп отыр. Атап айтқанда, жаңа бекеттер Байторысай, Хазірет және Құрмансай ауылдық округтерінде бой көтермек. Бұл өз кезегінде шалғай ауылдардың қауіпсіздігін одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.

🌟Бұл игі бастама – елді мекендердің қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындардың тыныштығы мен сенімін нығайтатын маңызды қадам болмақ.