🏗️“ПГС-Қаратоғай” ЖШС-нің демеушілігімен Жасыл, Нұрлы, Жеңіс көшелеріне ұзындығы 1,2 км қиыршық тас төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Оған 2 фронтальды жүк тиегіш 🚜 және 6 камаз 🚛 жұмылдырылды.
🛣️ Мәртөк – Родниковка бағытындағы облыстық маңызы бар жолдың Қаратоғай ауылы тұсында су өткізу құрылысы салынып, асфальт жабындысы төселді. Жобаның құны – 45,5 млн теңге. Құрылыс жұмыстарын “Даму мастер” ЖШС толық аяқтады.
🌊 Қаратоғай ауылының шығыс бөлігінде ұзындығы 2,5 км, ені 4 метр көктемгі еріген қыр суының арнасын кеңейту жұмыстары жүргізілді. Оған 3 техника 🚜 тартылды.
♻️ “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында ауыл маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тазартылып, 3 га аумақтағы 2,5 тонна қалдық шығарылып, тегістеу жұмыстары жүргізілді.
🌱 Бұл жұмыстар ауылдың дамуына, тұрғындардың жайлы өмір сүруіне ықпал етпек.