Аудан әкімі Медет Ысқақов Байторысай, Аққайың және Қаратаусай ауылдарында болып, мектептердің жылу қазандықтары мен жылу жүйелерін тексерді. Тиісті тапсырмалар беріліп, барлық жұмыстарды жылу маусымы басталғанға дейін толық аяқтау міндеттелді.
📍 Байторысай жалпы орта мектебі – ЖШС «АК Строй Проджек» мердігерлігіндегі қазандық жөндеу жұмыстары 90%-ға орындалған. Тапсырыс беруші – Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Жұмыс қазан айында толық аяқталмақ.
📍 Аққайың жалпы орта мектебі – Қазандық жылыту маусымына толық дайын. Ішкі жүйелер тазаланып, әктеу жұмыстары жүргізілді. Қыркүйек айында мектепке 228 тонна қатты отын толық жеткізіледі.
📍 Қаратаусай жалпы орта мектебі – 2025 жылы қатты отыннан көгілдір газға көшіріліп, алдағы жылу маусымына толық дайындалды.
📍 Қаратаусай ауылындағы №8 «Болашақ» бөбекжай-бақшасы – Модульдік қазандық жаңартылуда. Тапсырыс беруші – Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы, мердігер – «БН Капитал». Жұмыстың аяқталуы қазан айының соңына жоспарланған.
✅ Бұл жұмыстар ауылдық мектептер мен балабақшалардың жылыту маусымына сапалы әрі қауіпсіз кіруін қамтамасыз етеді.x