👩🎓 Биылғы 2024–2025 оқу жылында Мәртөк ауданында 5326 оқушы білім жолын сәтті аяқтады. Олардың ішінде 318 оқушы — 11-сынып түлектері.
🏅 Үздіктеріміз мақтанышымыз!
9-сыныптан – 61 оқушы,
11-сыныптан – 22 түлек үздік аттестатқа үміткер.
Сонымен қатар 23 оқушы «Алтын белгіге» таласып отыр.
📖 Бүгін аудан мектептерінде оқушылардың елге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған «Білім – Отаныма!» атты сынып сағаттары өткізілді.
🗓 Мемлекеттік емтихандар кестесі:
• 9-сыныптар — 29 мамыр мен 10 маусым аралығында,
• 11-сыныптар — 30 мамыр мен 16 маусым аралығында өтеді.
🎓 18–20 маусым күндері мектеп бітіруші түлектерге орта және жалпы орта білім туралы аттестаттар табыстау салтанатты шаралары ұйымдастырылады.
Барша түлектерге сәттілік тілейміз!
#Мәртөк #Білім2025 #Түлектер #АлтынБелгі #ҮздікАттестат #ОқуЖылыАяқталды