Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Қазақстандағы референдумды 38 елден және 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы байқайтын болад

Қазақстандағы республикалық референдумды байқау үшін 359 халықаралық байқаушы аккредиттелді
Референдумға халықаралық байқаушыларды аккредиттеу аяқталды: 38 ел мен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушы референдумды бақылайды
Қазақстанда республикалық референдумға жүйелі дайындық жалғасуда, оның аясында дауыс беру рәсімдерінің ашықтығы мен оларға сенімді қамтамасыз етуге ерекше назар аударылуда. Бұл үдерісте халықаралық байқаушылардың қатысуы маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның хабарлауынша, 2026 жылғы 9 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша, яғни аккредиттеуге өтінімдерді қабылдау аяқталған сәтте Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясына 38 шет мемлекет пен 11 халықаралық ұйымнан 359 байқаушының кандидатурасын ұсынды.