Мәртөк ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстары жүргізілді

Мәртөк ауылындағы су тасқынына қарсы жұмыстары жүргізілді

Т. Молдабай көшесіндегі жаңа көпір:
Т. Молдабай көшесін жаңа құрылыс аймағымен байланыстыратын көпірдің құрылысы аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашылды.

М. Әуезов көшесіндегі көпір:
М. Әуезов көшесі арқылы өтетін көпірдің құрылысы да аяқталуға жақын. 18 метрлік көпір аралықтары орнатылып, көпір бетіне тегістеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл көпір көлік қатынасын жеңілдетіп, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз етеді.

Мәртөк ауылына кіреберістегі көпір:
Мәртөкке кіреберіс жолдың 6 км бойындағы көпірде де кеңейту және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Тасқын су арнасын кеңейту және нығайту:
Ауылдың жаңақоныс аумағы арқылы ағатын тасқын су арнасын кеңейту және нығайту жұмыстары жақында аяқталады. Кеңейтілген арна судың толып кету қаупін азайтып, елді мекенді су басудан сақтауға мүмкіндік береді.

Бұл шаралар тұрғындарды су басу салдарынан қорғауға және көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.