Астана қаласында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы

Астана қаласында өткен ауыл әкімдерінің диалог-платформасы

Бүгінгі форумға қатысып, Президенттің сөзінен ауыл әкімдерінің рөлі мен жауапкершілігінің қаншалықты маңызды екенін тағы бір мәрте түсіндім. Әкім – ең алдымен, халықпен тікелей жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші, сондықтан тұрғындардың мәселелерін тыңдап, шешімін табу біздің басты міндетіміз.

Форумның ауқымы мен мәні ерекше. Мұнда елдегі барлық деңгейдегі атқарушы билік өкілдері мен ауыл әкімдерінің 80 пайызы жиналды. Бұл тәжірибе алмасуға, әр өңірдің мәселесін білуге және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ауыл – халқымыздың тамыры, сондықтан оның дамуы стратегиялық маңызы бар.

Мен үшін басты міндет – өз округімдегі тұрғындардың өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Халықпен ашық байланыс орнатып, олардың ұсыныс-пікірін тыңдап, жұмысыма енгізу маңызды. Форумда айтылған ойлар мен ұсыныстарды міндетті түрде ескеру арқылы жергілікті деңгейде нақты нәтижелер көрсетуге болады.

Жалпы, мұндай диалог-платформалар әкімдердің өзара тәжірибе алмасуына, жауапкершілігін арттыруға және ауыл тұрғындарының сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. Бізге берілген тапсырмалар мен ұсыныстарды тиімді жүзеге асыру – округіміздің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына және елдің тұрақты дамуына нақты үлес қосатыны сөзсіз.