Мәртөк ауылының тұрғыны «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды

Мәртөк ауылының тұрғыны «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталды

Мәртөк ауылының тұрғыны, көп балалы ана Сарсенова Ботакоз Курбаниязовна мемлекет тарапынан көрсетілген жоғары құрметке ие болды. Ол «Күміс алқа» мемлекеттік наградасымен марапатталып, еліміздің демографиялық дамуына қосқан үлесі үшін лайықты бағаланды.

Сарсенова Ботакоз Курбаниязовна – ұрпақ тәрбиелеуде үлгі боларлық жан. Көп балалы ана ретінде ол отбасы құндылықтарын дәріптеп, өскелең ұрпаққа өнеге көрсетіп келеді.

Бұл марапат – аналық мейірім мен еңбектің жоғары бағалануының айқын көрінісі.