
🔸Мәртөк ауданына Ақтөбе облыстық мәслихаттың төрағасы Сүйінтаева Гүлқасима және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, заңдылық, құқықтық тәртіп және жұртшылықпен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Дүйсенова Айгүл, облыстық мәслихаттың депутаттары Масалимова Күлшат, Тлегенова Бану жұмыс сапарымен келді.
🔸Аудан экономикасының негізгі бағыты – ауыл шаруашылығы. Саладағы өндіріс көлемі 37,9 млрд.теңгені құрайды. 2025–2027 жылдары «Айс» ЖШС-нің сүт фермасын кеңейту жобасына 12 млрд. теңге субсидия бөлінді.
🔸Аудандағы 32 елді мекеннің 24-і (75%) газдандырылған, бұл елді мекендерде аудан халқының 94%-ы тұрады. Өткен жылы 9 елді мекенге газ жеткізілді.
🔸Жол инфрақұрылымы бойынша бірқатар бағыттар жөнделіп, аудан орталығында 6 көше асфальтталды.
🔸Кеңсахара және Хазірет ауылдарындағы орталықтандырылған су жүйесін жөндеуге 600 млн теңге бөлініп, жұмыстар биыл жүзеге асырылады.
🔸2025 жылы ауданға облыстық бюджеттен 12,3 млрд.теңге бөлініп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асырылуда. Аудан орталығында Өнер орталығы мен жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы аяқталуға жақын.
Тұрғын үймен қамту бағытында 2024 жылы 54 пәтер сатып алынса, 2025 жылы 80 пәтерге 1,5 млрд.теңге бөлінді. 🔸Денсаулық сақтау саласында аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы 330,9 млн теңгеге нығайтылып, Байнасай дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өтті.
🔸Іс сапар аясында Гүлқасима Рамазанқызы ауданымыздағы Ұзақ өмір сүру орталығы, «Қамқор» отбасын қолдау орталығы, Мансап орталығы, аудандық аурухана және Жастар ресурстық орталығының жұмысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Сонымен қатар сала мамандарымен пікір алмасып, бірқатар ұсыныс-пікірлерін жеткізді.