Мәртөктік «Зәру» шаруа қожалығы — ұлттық деңгейдегі үздік кәсіпорындардың бірі!

Мәртөктік «Зәру» шаруа қожалығы — ұлттық деңгейдегі үздік кәсіпорындардың бірі!

Бүгін Астанада еліміздің ең беделді байқаулары — «Алтын сапа», «Парыз», «Іскер», «Кәсіби маман», «Ұлы Дала Елі», «Қазақстанның үздік тауары» ұлттық сапа конкурстары мен «Адал Азамат» атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Бұл – ел экономикасының дамуына ерекше үлес қосқан мекемелер мен азаматтарды атап өтетін маңызды күн.

Ақтөбе облысының атынан қатысқан өкілдер биыл да жоғары нәтижелерімен танылды. Соның жарқын дәлелі — «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» номинациясында Мәртөк ауданы, Қазан ауылының «Зару» шаруа қожалығы топ жарды.

Бұл марапат — кәсіпорын жетекшісі Бану Тлегенованың ұзақ жылдық еңбегі мен табанды ізденісінің нәтижесі.
«Зару» — елімізде сирек бағыт саналатын панто-санаторий емдеу қызметтерін дамытып, көпсалалы заманауи оңалту орталығын табысты басқарып отырған бірегей кәсіпорын. Әлеуметтік және инновациялық жобаларды іске асырудағы белсенділігімен де көпке үлгі.

✨ Мәртөк ауданы атынан зор қуанышпен құттықтаймыз!
Бұл жеңіс — ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің, аудан әлеуеті мен мүмкіндігінің айқын дәлелі.