Қызылжар ауылдық округіндегі Бөрте, Қызылжар және Шевченко ауылдарының тұрғындары тарихта алғаш рет қысқы маусымда үйлерін табиғи газбен жылытып, пайдалануға мүмкіндік алды.
Үш елді мекенді газбен қамтуға арналған 1,4 млрд теңгелік ірі жобаны «Ерзат» өндірістік кооперативі жүзеге асырды. Жоба аясында 74 шақырым газ құбыры тартылды.
Қызылжар ауылдық округінің әкімі Ахметов Арман Ыбырайұлы ауыл тұрғындарының бұл оқиғаны асыға күткенін тілге тиек етті.
Округ құрамындағы үш ауылда барлығы мыңға жуық адам тұрады. Бөрте ауылында – 115 үй, 358 тұрғын, Қызылжарда – 110 үй, 383 тұрғын, Шевченкода – 52 үй, 187 тұрғын бар. Бөрте – ауданның ең шеткі, шекара маңындағы елді мекені.
📌Газ келген соң, тұрғындар өмірдің әлдеқайда жайлы әрі қолайлы боларына сенімді.
🔸Осылайша, алдағы екі жылда аудан ауылдарының басым бөлігі газбен қамтылады. Бұл – ауыл тұрғындары үшін жайлы өмір, шығынды азайту және жас отбасыларды елге тартудың маңызды қадамы.