Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

🔹️ Қызылжар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

📌 Бүгін Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Қызылжар ауылдық округіне барып, Қызылжар, Шевченко және Бөрте ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Ашық форматта өткен жиында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды.

👮‍♂️ Кездесу барысында аудан прокуратурасының аға прокуроры Сәбит Меңдібаев пен аудандық полиция бөлімінің басшысы м.а. Жасұлан Жалғасбаев тұрғындарға алаяқтық қылмыстарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

🔥 Бөрте, Қызылжар және Шевченко ауылдарына жеткізуші және ауылішілік газ құбырларының құрылысы аяқталуға жақын. Қыркүйек айының соңына дейін тұрғындар газға қосылады деп жоспарлануда.
🏛️ 2025 жылы Бөрте және Шевченко ауылдық клубтарына жылу жүйесі жүргізілді. Сондай-ақ, Бөрте ауылдық клубында мәдени демалыс үшін жағдайды жақсартуға бағытталған жөндеу жұмыстары атқарылды.
💡 Ауылдық округтегі барлық елді мекен көшелері жарықтандырылды. Қазіргі таңда Шевченко ауылында электрик маманына бос жұмыс орны бар.
💧 Биыл Қызылжар ауылында ауыл шаруашылығы малына су ішуге арналған екі бөгет қалпына келтірілді. Бұл жұмыстар демеушілердің қолдауымен жүзеге асты.
🌳 Сонымен қатар, Қызылжар ауылында 60 түп ағаш көшеті отырғызылып, көгалдандыру мен экологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосылды.