📌 Мәртөк аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 шілдедегі №9 шешіміне сәйкес сайлаушылардың 86,22 пайыз дауысын жинап, Қызылжар ауылдық округінің әкімі болып Арман Ыбырайұлы Ахметов сайланды.
Арман Ыбырайұлы Ахметов 1967 жылы 13 қаңтарда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Андреевка ауылында дүниеге келген.
Білімі - жоғары.
1992 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтын «Еңбекке баулу және ЖТ» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолы:
1984 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданындағы К.Маркс атындағы колхоздың жұмысшысы болып бастаған. 20 жылдан астам Қызылжар орта мектебінде қызмет жасады. 2013 жылдан бастап Қызылжар ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен сайлауға Қызылжар ауылдық округінің 673 сайлаушысының 541-і (80%) қатысты. Ауылдық округ басшысы лауазымына 3 үміткер қатысты.
#martok_audanynyn_akimdigi