Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизовтың 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизовтың 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы

Құрметті ауылдық округ тұрғындары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен ынтымағын, бірлігін паш ететін маңызды күн. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген дана халқымыздың нақыл сөзі бүгінгі таңда өз мәнін жоғалтпай, әрбіріміздің жүрегімізде терең орын алады.

Ауылдық округімізде 9 ұлтың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етіп келеді. Бұл – біздің ең басты байлығымыз, еліміздің тұрақтылығы мен дамуының кепілі.