Құрмансай және Шаңды ауылдарында ауыз су инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

Құрмансай және Шаңды ауылдарында ауыз су инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді

🚰 Құрмансай және Шаңды ауылдарында ауыз су инфрақұрылымын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округ аумағында халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Құрмансай және Шаңды ауылдарындағы ауыз су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.                                                                                                                                                  💧 Құрмансай ауылында ауыз су мұнарасына жүргізілген жұмыстар:Құрмансай ауылында су мұнарасына ағымдағы жөндеу және жаңғырту жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, ескі су мұнарасы алынып, оның орнына жаңа бетон негізі дайындалды. Бетон құю жұмыстары жүргізіліп, мұнараны орнатуға арналған берік іргетас қалыптастырылды.Сонымен қатар, диаметрі 1200 мм, биіктігі 10 метрден кем емес металл тірек орнатылды. Құрылымдық элементтер автокранның көмегімен көтеріліп, дәнекерлеу арқылы құрастырылды.Мұнараның ішкі беті арнайы қорғаныш бояумен өңделіп, баспалдақ пен қоршау орнату жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ су мұнарасы су жүйесіне қосылып, сорғы, электр жабдықтары және автоматтандыру жүйесі толық орнатылды. 💧 Шаңды ауылында ауыз су мұнарасына жүргізілген жұмыстар:Шаңды ауылында су құбыры желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ескі су құбырлары алынып, жаңа құбырларды орнату бойынша дайындық жұмыстары жасалды.Жаңарту жұмыстары аясында су құбырлары толықтай ауыстырылып, жаңартылды. Сонымен қатар, электр желісін қамтамасыз ету мақсатында бір тіреулі және қосымша тіреулі бағаналар орнатылып, жалпы саны 10 электр бағанасы пайдалануға берілді.Ұзындығы 260 метр болатын СИП-4 маркалы электр сымдары тартылып, электр жабдықтары, электр қозғалтқышы, автоматика және су сорғысы орнатылды.Жүргізілген жұмыстар ауыл тұрғындарын сапалы әрі тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Инфрақұрылымды жаңарту ауылдық елді мекендердің өмір сапасын арттырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.