Шаруашылықтар заманауи техникалармен толықты

Шаруашылықтар заманауи техникалармен толықты

🚜🌾 Шаруашылықтар заманауи техникалармен толықты.

Құрмансай ауылдық округіне қарасты «Иван», «Влад-2025», «Олимп» және «Факель» шаруа қожалықтары мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдаланып, жеңілдетілген лизинг бағдарламасы арқылы жаңа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды.Ағымдағы жылы шаруашылықтар жылдық 5 пайыздық мөлшерлемемен, 7 жыл мерзімге 4 ауыл шаруашылығы техникасын иеленіп, техникалық парктерін жаңартты.Жаңа техникалардың алынуы көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік беріп, еңбек өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізді.🚜 Заманауи техника – ауыл шаруашылығы саласын дамытудың маңызды тетігі. Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында шаруалар өндірістік әлеуетін арттырып, материалдық-техникалық базасын нығайтуда.Сонымен қатар, «Факель» шаруа қожалығы жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында комбайн алуға өтінім берді. Қазіргі уақытта өтінім тиісті тәртіппен қаралу үстінде.Мемлекеттік қолдау – ауыл еңбеккерлерінің табысты жұмысына және агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына берік негіз!