Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ!

Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ!

🌈Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ! 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Құрмансай ауылында «Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.Мереке барысында бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл күйге бөленіп, қызықты ойындар мен көңілді бағдарламалардың куәсі болды.Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері – бұл күннің ең үлкен сыйы болды.Ауылдық округ әкімі Елдос Газизов кішкентай тұрғындарды мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, жарқын болашақ және жазғы демалыстарын тиімді әрі қызықты өткізуге сәттілік тіледі.