
🌾Олимп шаруа қожалығы – жаңа маусым, жаңа жоспар.
Олимп шаруа қожалығында көктемгі егіс жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңда шаруашылық 40 гектар жерге қара бидай, 80 гектар алқапқа бидай егіп үлгерді. Қазіргі уақытта егіс науқаны қарқынды түрде жалғасуда.Сонымен қатар, ағымдағы жылы шаруашылық материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында жаңа YTO-X1304 тракторын сатып алып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартты. Бұл өз кезегінде дала жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына мүмкіндік береді.