Факел шаруа қожалығы – егін егу науқаны қарқынды жүргізілуде

Факел шаруа қожалығы – егін егу науқаны қарқынды жүргізілуде

🌾 Факел шаруа қожалығы – егін егу науқаны қарқынды жүргізілуде

Факел шаруа қожалығында көктемгі дала жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Қазіргі таңда егін егу науқаны қарқынды жүріп, қажетті ауыл шаруашылығы техникалары толық жұмылдырылған.

Шаруашылық тарапынан 1000 гектар жерге ылғал жабу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні 600 гектар алқапқа қара бидай және 600 гектар жерге бидай дақылдары себілді.

Шаруа қожалығының еңбеккерлері әр күнді тиімді пайдаланып, агротехникалық талаптарды сақтай отырып, сапалы өнім алуға негіз қалауда. Егіс алқаптарында дәнді дақылдарды себу жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілуде.

Бұл атқарылып жатқан жұмыстар – алдағы мол өнімнің берік кепілі. Шаруа қожалығы ұжымы бірлесе еңбек етіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлесін қосуда.