
Мәртөк–Құрмансай–Шаңды–Егізата ауылдары бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында автогрейдердің көмегімен жоспарлау және тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар жолдың жай-күйін жақсартып, тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасау мақсатында атқарылуда. Жол бетін тегістеу арқылы көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен ыңғайлылығы қамтамасыз етіледі.
Жол жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады.