
📢 Бүгін Құрмансай ауылында тұрғындардың жалпы жиналысы өтті. Жиналыста ауыл өміріне қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды:
🔹 Бақташыларды анықтау;
✅ІҚМ және ҰҚМ жайылымдық жерлерін белгілеу;
🌿 «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру;
🔹Балалардың қауіпсіздігі және ата-ана жауапкершілігі туралы;
📱 Интернет-алаяқтық пен мал ұрлығының алдын алу.
Жиынға ауыл әкімі, учаскелік полиция инспекторы, мектеп директоры, ветеринария саласының маманы және ауыл тұрғындары қатысты.
Ауылымыздың дамуы мен қауіпсіздігі – бәрімізге ортақ міндет!