
🌿 Жасыл желек-жарқын болашақ кепілі
“Таза Қазақстан” акциясы аясында ауыл тұрғындары, ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері және мектеп ұжымы бірлесіп, мектеп аумағын абаттандыру және көгалдандыру мақсатында көшеттер отырғызу жұмыстарын жүргізді.
Ауылдық округімізде 30 наурыз бен 30 мамыр аралығында екі айлық сенбілік жарияланып, осы уақыт ішінде ауқымды тазалық және көркейту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Акция басталғалы бері округке қарасты барлық мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары белсенділік танытып, ортақ іске жұмыла кірісті.
Атап айтқанда, тұрғындар өз аулалары мен үй маңын тазалап, қыстан қалған қоқыстарды шығару жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, көшелер мен қоғамдық орындардың тазалығы тұрақты бақылауға алынып, бірнеше рет аудандық маңызы бар автожол бойында таза бейсенбілік және сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Жол жиегі тазартылып, жиналды.
Бүгінгі мектеп аумағында өткен көшет отырғызу шарасы — осы жүйелі жұмыстардың нақты жалғасы.
Осындай игі бастамалар тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген жанашырлықты арттыра түседі. Сондықтан барлық ауылдастарымызды тазалық жұмыстарынан шет қалмай, қоршаған ортаны қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамыз.
Тазалық — тәрбие бастауы, ал таза орта — келешек ұрпаққа қалдырар ең құнды мұрамыз.🌱