«Таза Қазақстан» – ортақ іске үлес!

«Таза Қазақстан» – ортақ іске үлес!

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Мәртөк–Құрмансай ауылдары бағытындағы автомобиль жолының жиегін тазарту жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара барысында жол бойындағы қоқыстар жиналып, айнала тазартылып, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді. Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті! Бірлесе атқарған жұмысымыз – таза әрі көрікті еліміздің кепілі.