
2025 жылғы күзгі әскерге шақыру науқанын қорытындылау және 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бағытында әдістемелік жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, аудандық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы Орынғали Қонысбай төрағалық етті.
Жиын барысында әскерге шақыру науқанын ұйымдастыру мен өткізуге елеулі үлес қосқаны үшін Құрмансай ауылдық округі Алғыс хатпен марапатталды.
Бұл – округіміздің ұйымшылдығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі!
Бірлескен еңбектің нәтижесі – ортақ жетістік!