
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары таныстырылып, оның ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайына, құқықтары мен мүмкіндіктеріне тигізетін ықпалы жан-жақты түсіндірілді.Тұрғындармен пікір алмасу кезінде ауыл инфрақұрылымын дамыту, әлеуметтік қолдауды күшейту, жұмыс орындарын арттыру және мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту сияқты маңызды бастамаларға ерекше назар аударылды.Кездесу барысында тұрғындардың сұрақтары тыңдалып, ұсыныстары назарға алынды. Жаңа Конституция арқылы әр азаматтың құқықтары қорғалған, тең мүмкіндіктерге ие және әділетті қоғам құру – басты мақсаттардың бірі екені атап өтілді.