
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай құрмет көрсетілді Алғыс айту күні – жақсылық пен жанашырлықтың, сыйластық пен ризашылықтың ерекше күні. Осы айтулы мерекеге орай ауылдық округ әкімі Елдос Газизов мемлекеттік қызмет ардагері Нұрия Тұрмагамбетқызын арнайы құттықтады. Нұрия Тұрмагамбетқызы еңбек жолын есепші қызметінен бастап, мемлекеттік қызмет саласында абыроймен еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан ардақты жан. Өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігі арқылы ел игілігі жолында аянбай қызмет етті.Кездесу барысында ардагердің мемлекеттік қызметтің дамуына қосқан үлесі ерекше атап өтіліп, көп жылғы қажырлы еңбегі мен кәсібилігі үшін шынайы алғыс білдірілді. Осындай өнегелі өмір жолы бар ардагерлер – кейінгі буын үшін үлкен үлгі, ал олардың еңбегі – мемлекетіміздің дамуына қосылған баға жетпес үлес.Ардагерлеріміз аман болып, құрметке бөлене берсін!