
Құрмансай–Шаңды–Егізата ауылдары бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолында қар тазалау жұмыстары жүргізілді.
Аталған жұмыстар көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қатынасының үздіксіздігін сақтау және тұрғындардың еркін қатынауына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылды. Қазіргі таңда жол қатынасы қалыпты, қозғалысқа шектеу жоқ.