Ауыл шаруаларымен кездесу өтті

Ауыл шаруаларымен кездесу өтті

🔰Ауыл шаруаларымен кездесу өтті
2026 жылдың 5 ақпаны күні Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары Айбат Ербазиев және Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов округ аумағында орналасқан шаруа қожалықтарын аралап, шаруалармен кездесті.
Кездесу барысында шаруалардың қысқы жағдайы, мал төлдеу науқаны, сондай-ақ ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы сөз болды. Шаруалардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Құрмансай ауылдық округінде 31 шаруа қожалық бар. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады.
🌾 2026 жылғы көктемгі және күзгі далалық жұмыстарға байланысты округтің 8 шаруасы жеңілдетілген дизель отынын алуға өтінім берді. Жалпы көлемі — 215,87 тонна.