
🔹 Егізата, Шаңды және Құрмансай ауылдарының тұрғындарымен кездесу өтті
Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов Құрмансай ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Егізата, Шаңды және Құрмансай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында 2025 жылы атқарылған нақты жұмыстардың нәтижелері баяндалып, 2026 жылға жоспарланған жобалар талқыланды. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер хаттамаға енгізіліп, кезең-кезеңімен шешу жолдары айтылды.
Жиынға аудан прокуроры Сәнібек Тлеулесов пен аудандық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Омарғалиев қатысып, интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша заң талаптарын түсіндірді. Алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері, жеке деректерді қорғау жолдары айтылып, тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.
Кездесу барысында округте 2025 жылы атқарылған жұмыстар нақты атап өтілді:
• Құрмансай жалпы орта білім беретін мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп, шатыр, қасбет, еден, терезе-есік, жылу, су, кәріз, электр жүйелері, өрт қауіпсіздігі жүйесі және спорт залы толық жаңартылды;
• 2025 жылдың тамыз айында ауылдық клубтың сыртқы келбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілді;
• Құрмансай ауылдық округінде 3 елді мекен, 20 көше бар. 2025 жылдың мамыр айында Құрмансай және Шаңды ауылдарындағы 12 көшеге (14 км) 6000 тонна инертті материал төселіп, жолдар тегістелді. Жұмысқа 10 арнайы техника тартылды.