Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов учаскелік полиция инспекторы Қ. Утаралинді қабылдап, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды

Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов учаскелік полиция инспекторы Қ. Утаралинді қабылдап, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды

Құрмансай ауылдық округінің әкімі Елдос Газизов учаскелік полиция инспекторы Қ. Утаралинді қабылдап, 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды.

🔹 Ауылдық округ аумағында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында:
* 47 рейдтік шара өткізілді
* 21 ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді
– интернет алаяқтықтың алдын алу
– мал ұрлығының алдын алу
– буллинг пен нашақорлықтың алдын алу
* 5 ақпараттық баннер орнатылды
🔹 Құжатсыз жүрген 2 азаматтың материалдары «FSM Social» ақпараттық жүйесі арқылы Мәртөк аудандық «Қамқор» отбасын қолдау орталығына жолданды.
🔹 Сонымен қатар округке қарасты 31 шаруа қожалығының басшыларымен төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жөнінде кездесулер өтті:
* жұмысшыларды ресми түрде жұмысқа қабылдау;
* шетел азаматтарының құжаттарын рәсімдеу;
* кәмелет жасына толмаған балалары бар жұмысшы отбасылар туралы деректерді дер кезінде хабарлау.

Аталған жұмыстар ауылдық округте қауіпсіздік деңгейін арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.