
Құрмансай ауылында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы өтті!
Құрмансай ауылында табиғатты қорғау мақсатында 60 түп ағаш отырғызылды. 🌳🌿 Бұл игі іске ауылдың белсенді тұрғындары — 15-ке жуық ерікті азамат қатысып, өз үлестерін қосты.
Ағаштар ауылдық клубтың ауласына және ауылдың кіреберіс бөлігіне егілді. Бұл табиғатты көгалдандырумен қатар, ауыл келбетін көркейтуге де бағытталған.
🌟 Жыл сайынғы дәстүрге сай, “Экспоинжиниринг” ЖШС көшет алуға демеушілік көрсетіп, экологиялық шараның сәтті өтуіне ықпал етті. Осындай қолдаудың арқасында ауылымыз жасыл желекке оранып келеді